Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники!

Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебного года! 

Жарияланған күні: 25-05-2020  



16-10-2017  

Ата-аналардың балалар тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы кеңестер

icon8-сыныптар оқушыларының ата-аналарына балалар тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы кеңестер беріп, құқықтық оқыту мақсатында психологтермен бірге кеңес өткізілді. Өтпелі кезеңде жасөспірімдердің қате қадам басуы мүмкіндігін естеріне сала отыра, психологиялық өзгерістері жөнінде ақпарат берді.  

16-10-2017  

«Бір шаңырақ астында»

iconМектебімізде Қазақстан Республикасы ассамблеясының аясында, «Бір шаңырақ астында» ұйымының ашылу салтанаты өтті. Ұйымның негізгі мақсаты – шағын мемлекет саналатын мектебіміздің ішінде ұлттар достастығының ажырамауын қамтамасыз етіп, мызғымас бірліктің үлгісін көрсету. 

16-10-2017  

Өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте!

iconТіл - екі адамның ортасындағы қарым-қатынас құралы. Тіл бар жерде тірлік бар. Тіл бар жерде бірлік бар. Бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай сан түрлі ұлт тұрып жатырмыз. Сан түрлі ұлт дегеніміз, сан түрлі тіл деген сөз. Өз тілімізді қадірлей отыра, өзге тілді құрметтеп, үйрену - заман талабы, бірге тұрып жатқан өзге ұлтқа деген құрмет, татулықтың нышаны.  

16-10-2017  

"Тілге құрмет - елге құрмет"

icon22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері күнін мерекелеу аясында 3502 əскери бөлімінде №6 орта мектебімен бірлескен түрде "Тілге құрмет - елге құрмет" атты əдеби кеш өтті. Кеш барысында оқушыларымыз əннен шашу шашып, биімен кештің сəнін келтірді.  

16-10-2017  

Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі аяулы ана!

iconМектепішілік "Жас ұрпақ" жастар ұйымы,  жоғарғы сынып оқушы қыз балаларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында алдымен оқушы қыз балалардың мектептегі өзін-өзі ұстасы, киім үлгісі, тəртібі, гигиенасы туралы мағлұмат беріп өтіп, осы тақырыптағы бейнематериалдан соң пікір алмасу жүргізілді. 

16-10-2017  

Қарттарым - асыл қазынам

icon1 қазан - Халықаралық қарттар күні. БҰҰ Бас ассамблеясының қаулысымен қазан айының алғашқы күнін - қазыналы қарияларымызға арнаған болатын. Адамның үлкенге -  құрмет, кішіге - ізет көрсетуі - əдептіліктің басты белгісі. 

02-09-2017  

Білім күнімен құттықтаймыз!

icon1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.  

02-09-2017  

Жаңа оқу жылынан күтеріміз көп

Білім - қараңғыда жол табуға көмектесер жарық іспетті. Сол себептен де оның сəулесі əр адамның жүрегінде болуы тиіс. Еліміз кемелденіп, заман ағысына ілесіп, дамушы мемлекеттердің қатарына енсін десек, оның болашаққа деген көпірін қолымен қалайтын бүгінгі бүлдіршіндеріміздің білімін қамтамасыз етуіміз қажет. 

14-08-2017  

Хабарландыру!

6 шағынаудандағы «№6 жалпы білім беру орта мектебі» КММ орыс сыныптарына мамандар қажет..

14-08-2017  

Объявление!

Требуются учителя для КГУ «Общеобразовательная средняя школа №6» в 6 микрорайоне 

Соңғы жаңалықтар