Мектеп туралы мәлімет

· «№6 жалпы білім беру орта мектебі» КММ Ақтау қаласындағы 6 шағын-аудандағы 47 ғимаратта орналасқан, пайдалануға 1969 жылы берілді.

· Сиымдылығы бойынша 960 оқушыға арналған. Жалпы алаңы - 6641,6 ш.м., пайдалысы 4893,8 ш.м. құрайды.

· Мектеп 2 корпустан тұрады: 1 корпусы 2 қабаттан, 2 корпусы 4 қабаттан тұрады. Ғимарат темірбетонды каркастан, тастан қаланған, 45 оқу кабинеті, 1 спортзалы, асханасы, шеберханасы, акт залы бар.

· Жер телімі - 2,2556 га.

· Қазіргі таңда мектеп ұжымында 117 мұғалім қызмет етуде. Жоғары білімді оқытушылар саны 107, ал арнаулы орта білімділері 10. Біліктілік сапасы бойынша 4 мұғалім жоғары санатты, 12 мұғалім І-санатты болса, ІІ-санатты мұғалімдер саны 9, ал қалған 49 мұғалім санатсыз. Зерттеуші 17, сарапшы 14, модератор 12.  

 

· Мектепте 1630 оқушы білім алады. Класс комплектісі – 65, оның 16 қазақ сыныптар, ал 49 орыс сыныптар. І ауысымда 745 оқушы (31 сынып), ІІ ауысымда 885 оқушы (34 сынып) оқиды. Оқушылар аралас тілде білім алады


    

Жарияланған күні: 02-09-2020  

Соңғы жаңалықтар